Сара Алпысқызы әлі ұлттық госпитальда жатыр

Жаңалықтар
view 104
news

Фотосурет: AFP/STANISLAV FILIPOV

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бәйбішесі Сара Алпысқызы бес айдан бері Президент іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жөнінде BES.media жолдаған сұраққа аурухана өкілдері жауап берген.

Бекітілген медициналық стандарттарға сәйкес, науқас ұлттық госпитальда тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдап жатыр, – делінген госпиталь директоры Асхат Бралов қол қойған жауапта.

Бұл ретте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 273-бабына сәйкес, диагнозға, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия саналады. Оларды жария ету тек пациенттің келісімімен немесе заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *