Астаналық жігіт тірі ата-анасының «жаназасына» ақша жинауды әдетке айналдырған

Жаңалықтар
view 170
news

Фотосурет: автордікі

Астанада 35 жастағы жігіт алдымен әкесін, кейін анасын қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жанашыр адамдар оған қаржылай көмек беріп, алаяқ алаңсыз жолмен ақша жинап отырған. Алайда тексеру барысында оның отбасы түгел аман-есен екені анықталды.

Жігіттің осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *