Бизнес-бастамаларды іске асыруға 4 287 грант берілді

Жаңалықтар
view 28
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 237,3 мың адам қамтылды, 529,6 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. Ал субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 137 мың адам жіберілген.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 51,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 47,6 мыңы оқуды аяқтады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 44,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 25,4 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 4 892 адам жіберілді, оның ішінде 1 114 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 375 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 261,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген. 2025 жылғы 1 қыркүйекте республика бойынша 4 287 грант берілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *