Түркістан облысында көпір опырылып түсті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 111
news

Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір құлады. Оқиғаның видеосы әлеуеттік желіде жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылғанын мәлімдеді. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ.

Оқиға болған сәттен бастап Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Алдағы уақытта аталған көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою мақсатында шұғыл ретке келтіру бойынша кешенді шаралар қабылданады.

Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатыр, - дейді әкімдік қызметкерлері.

Жағдайға байланысты барлық қажетті шара кезең-кезеңімен атқарылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *