Түркістанда бірнеше адам суши-пиццадан уланып қалды

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Видеодан скрин

Түркістанда алты ай бұрын антисанитарлық жағдайларға байланысты жабылған дәмханадан тағы да 14 адам уланды. Жарты жыл бұрын дәл осы мекемеден 50-ден көп тұтынушы зардап шеккен еді. Соған қарамастан мекеме жұмысын жалғастырған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаның мән-жайы

КТК телеарнасының мәліметінше, бұл жолы фаст-фудтан 14 адам уланып, медициналық көмекке жүгінген. Олар пицца, тауық еті және сушиға жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген. Сарапшылар қазір улануға нақты не себеп болғанын анықтауға тырысып жатыр.

Айта кетейік, наурыз айында дәл осы мекемеде көптеген бұзушылықтар анықталған еді. Ол кезде ауызашар кезінде 68 адам зардап шегіп, дәмхана жабылған. Бірақ көп ұзамай кәсіп қайта жалғасты. Енді полиция қылмыстық істі қайта қозғады. Заңды қайта бұзғаны үшін иесіне қатаң жаза тағайындалмақ. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зардап шеккендер саны – 14 адам

Бұл мекемеде топтық уланудың екінші жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны – 14 адам. Науқастар пицца, суши және тауық етіне үйге жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген. Оқиғадан кейін Түркістан облысының аумақтық басқармалары жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде санитарлық талаптарды өрескел бұзу деректері анықталды, – деді Түркістан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық орталығы бастығының орынбасары Асқар Ысқақов. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *