Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Полиция не дейді

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Күдіктінің ата-анасы жауапкершілікке тартылған

Сондай-ақ күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Еске салсақ, Таразда мектеп басшылығы дәретханада топтасып қыз зорлау фактісін жасырғанын жазған едік. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *