Роза Рымбаеваның не үшін қайта тұрмыс құрмағаны белгілі болды

Жаңалықтар
view 284
news

Фото: 365info.kz

Қазақстанның халық әртісі, жезтаңдай әнші Роза Рымбаева жолдасы Тасқын Оқаповты сағынатынын айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тыңдаушы Үкімет қайда?»: Роза Рымбаева халық не үшін митингіге шығатынын айтты

«Өнеріме ғашық адамдар бар...»

Оның айтуынша, Тасқынның деңгейіне жеткен адамды кездестірмеген және іздемеген де.

Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде жалғыз емеспін, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған - Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне бересің, – деді ол. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Роза Рымбаева басқа әншілерше «тойдың қуыршағы» болғысы келмейтінін айтты (ВИДЕО)

Халық әртісі отбасында қандай ана?

Сондай-ақ екі әнші ұлына қандай ана екенін де айтып берді. 

Барлық ана бірдей екен. Әли мен Мәди түнгі 11-ден кейін үйге келмесе, бірден хабарласамын. “Мама, менің жасым 30-дан асты” деп Әли ренжіп жатады. Аналар балаларының оқығанын, жақсы маман болғанын армандайды. Мен де сондаймын. Өсу жолындағы денсаулығына алаңдаймыз. Жүрегім дүрсілдеп елеңдеп отырамын. Ұрсатын кезде ұрсамын. Тал түске дейін ұйықтатпаймын. Осы сұхбатқа келетін кезде де ұлыма ұрсып келдім, – деді ҚР Халық әртісі. 

Роза Рымбаева кім

Ол 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Ата-анасы оның есімін Роза Бағланованың құрметіне қойыпты.

Шығармашылық жолы

Роза Рымбаева 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы бітіреді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетінде білімін шыңдайды.

Көптеген халықаралық конкурстың гран-при иегері атанған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

Ол 1977 жылы Болгариядағы "Золотой Орфей" фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін шырқаған соң ерекше танымал болды. Ол бұл байқауда гран-при жүлдесін ұтып алды.

1977-1979 жылдары "Песня года" фестивалінде ән шырқап, КСРО-ның "Звуковая дорожка" хит-парадында үздіктердің қатарынан көрінді.

1976-1979 жылдары республикалық "Гүлдер" жастар–эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі болып сахнаға шықты.

1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлдағы халықаралық әншілер байқауында лауреат атанып, 1983 жылы Кубада өткен "Гала – 83" халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Әншінің орындауындағы Т. Ерешевтің "Гүлдене бер, туған жер", Нұрғиса Тілендиевтің "Куә бол", Б. Байқадамовтың "Айгөлек", Ж. Тұяқбаевтың "Атамекен", Т. Сарыбаевтың "Отандастар" әнін тыңдарман қауым жылы қабылдады.

Роза Рымбаева "Бір бала", "Сәулем-ай", "Кебек", "Назқоңыр", "Әгугай" және тағы басқа халық әндерін нақышына келтіре орындады.

Әнші халық арасында киноактриса ретінде де танымал. Ол "До свидания, Медео" фильмінде басты рөлді сомдады, әрі "Первая песня" фильмі, "Женский взгляд". Роза Рымбаева", "Роза", "Хвост кометы". Роза Рымбаева", "И снова здравствуйте!" деректі фильмдеріне түсті.

Отбасы

Роза Рымбаева 1979 жылы дирижер, композитор Тасқын Оқаповқа тұрмысқа шығып, Әли және Мәди есімді екі ұл дүниеге әкелді. 1999 жылы күйеуі өмірден өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Роза Рымбаеваның өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *