Тұрсын Алагөзов «Қайраттың» алдағы ойынына ерекше уәде берді
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов алдағы үлкен матч алдында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, егер «Қайрат» футбол клубы мадридтік «Реалды» жеңсе, ол командадағы барлық ойыншыларға автокөлік сыйға тартпақ. Бұл туралы кәсіпкердің жұбайы, продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеода белгілі болды.
«10 күннен кейін сүйікті «Қайратымыз» «Реалға» қарсы алаңға шығады. Республика патриоты ретінде туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңіске жетсе, бүкіл ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді Тұрсын Алагөзов бейнежазбада.
Айта кетейік, Алматының «Қайрат» клубы аты аңызға айналған «Реал Мадридпен» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында кездеседі.
Пікірлер (0)