Үйдің жертөлесінен әскери қызметшінің денесі табылды

Жаңалықтар
view 305
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бүгін, 21 қыркүйекте Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде, жұмыстан тыс уақытта Қорғаныс істері жөніндегі департаментпен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің денесі табылды. janabastau.kz бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші отбасындағы кикілжің салдарынан өзіне қол жұмсаған.

«Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды». Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *