"Үйленіп жатыр": Желіде Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға жүзік сыйлаған видеосы тарады (видео)
Сурет: видеодан скрин
ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген бейтаныс аруға жүзік сыйлады. Танымал әншінің тыңдармандары оның бұл әрекетіне таң қалды, - деп хабарлайды Janabastau.kz.
Есте болса,30 жасқа толған өнер иесі жаңа жасын Ыстамбұлда қарсы алған еді. Халық әртісі сүйіктісі бар-жоғы жайлы сұхбаттарында тіс жарған емес.
Көп ұзамай желіде Димаш Құдайбергеннің қолына неке жүзігін ұстаған видео тарады. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыздың кім екенін анықтай алмай жатыр. "Сүйіктісі ме?", "Димаштың тойы болса, осыған дейін еститін едік",
“Қыздар жылайтын болды-ау”, “Жарнамаға түсіп жатыр екен”, “Бақытты болсын”, “Димаш ең жақсы қызға лайық”, “Өзіне сай ізгі жан жолықсын”, “"Шын ба? Біздің періштеміз үйленгелі жатыр ма?", "Қазақ па екен?", "Қыз нәзік әрі әдемі екен", "Аллам осы баланы үйлендірсе екен", "Шүкір, Димаштан жақсы жаңалық естідік", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Түркияның Ыстамбұл қаласында “Beşiktaş” стадионында концерті өтті. Әншінің күллі әлемнен жиналған жанкүйерлері оның талантына, қазақ елінің дәстүріне қалай тамсанғанына куә болды.
Пікірлер (0)