«Ұлттық қор - балаларға»: 2025 жылдың ақшасы есепшоттарға қашан түседі

Жаңалықтар
view 57
news

Фотосурет: istockphoto

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында ақшаны аудару мерзімін жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мамандар келесі айға дейін инвестициялық кірісті есептеп шығады. Сол кезде есепшоттарға түскен қаржы да көрінеді.

Есепті 2025 жылғы нысаналы талаптар, сондай-ақ, инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 1 ақпанға дейін кешіктірілмей есептелетін болады. Бұл ретте 2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады, - делінген ресми хабарламада. 

Жалпы, 2024 жылдан бері нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтініш орындалды.

Жас қазақстандықтарға есептелген ақшаның жалпы сомасы 31,61 миллион доллардан асып отыр. Осы ақшаның басым бөлігі - 19,69 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қалған 11,92 млн доллар білім беру ақысын төлеуге аударылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *