«Ұлының тоқалдан туған немересін қабылдамады»: Белсенді Айнұр Жүгінісова туралы шындығын айтты
Фотосурет: видеодан скриншот
TikTok қолданушысы Айнұр Жүгінісова туралы видео жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Айтуынша, салт-дәстүрді насихаттаушы өз немересін қабылдамай отыр.
"Айнұр ханым өзінің немересін қабылдамай отырған адам. Жүгінісовтің екінші әйелі ұл туған. Аты - Салман. Сол баланы Айнұр ханым қабылдамайды. Ол баланың түрі тура Айнұр ханымның өзі. Баланың анасы шаршағанын, ажырасқысы келетінін маған айтқан. Өзінің өмірін баяндап берді. Немересін не енесі қабылдамайды, өзін де қабылдамаған. Қыздар ойлайды тоқал болып тиіп алғаннан кейін бәрі қабылдайды деп. Ал басында қабылдамаған шеше 10 бала туып берсең де қабылдамайды. Мен айтқан соң елдің сөзінен қорқып, "ойбай, немерем" деп шығуы мүмкін. Мен сол Нұрбақыттың тағдырын ойлағаннан кейін айтып отырмын. Ол келіншектің де арманы баласын қабылдату, енемен тұру", - деді ол.
Желі қолданушылары аталмыш мәлімдемеге қатысты түрлі пікір білдірді.
"Әнші Жүгінісов жақсы еді, адасып отбасының да берекесі кеткен сияқты", "Оның бәрін қайдан біледі", "Не үшін қабылдау керек?", "Біреудің отбасында нең бар", деді желі қолданушылары.
Пікірлер (0)