Ұлытау облысы аумағындағы «Қызылорда – Жезқазған» автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқын алуда
Фотосурет ашық дереккөзден
Ұлытау облысы аумағындағы «Қызылорда – Жезқазған» автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқын алуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 216–424 шақырым аралығындағы учаскесінде жолды қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Жоба көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоспар аясында іске асырылуда. Оның мақсаты – өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, көлік қолжетімділігі мен жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру.
2025 жылғы 19 шілдеден бастап аталмыш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген өндірістік кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Мердігер ұйымдар қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдырып, құрылыс қарқыны мен орындалу сапасын сақтауға баса назар аударып отыр.
Автожолды қайта жаңғырту – жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырып, өңірлер арасындағы қатынау уақытын қысқартады, сонымен қатар іргелес аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.
Жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Жұмыстардың тапсырыс берушісі – ҚР Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті.
Жұмыстардың орындалу барысы уәкілетті органдар мен техникалық қадағалау тарапынан тұрақты бақылауда.
Пікірлер (0)