ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады

Жаңалықтар
view 21
news

Фото: дереккөз

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровке қатысты тексеру іс-шараларын бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Tengrinews.kz ҰҚК-ға «Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, соның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын бұзу ықтималдығы бойынша тексеру жүргізілді ме?» деген сауал жолдаған.

«Ақпарат назарға алынды, тексеру іс-шаралары жүргізілуде», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынған. Шешім «елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» мақсатында қабылданған. Комик Внуково әуежайында, Дубайдан оралғаннан кейін тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпан күні таңертең ол Алматы қаласына келген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *