Ұшақ шұғыл Алматы әуежайына қонды: Борттағы әйелдің жүрегі тоқтап қалған

Жаңалықтар
view 65
news

Фото: lufthansa.com

Мюнхеннен Бейжіңге бет алған шетелдік Lufthansa компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болған. Себебі борт ішінде бір әйел қайтыс болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, борт ішінде бір әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Алматы әуежайына қонған. Әуежайдың дәрігерлері мен оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем қызметкерлері әйел адам ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын айтқан.

Алдын ала болжам бойынша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Марқұм шетел азаматы, - деп мәлім етті Көліктегі полиция департаменті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *