«Күніне 10 энергетик іштім»: Алматыда дәрігерлер 34 жастағы жігіттің жүрегін ауыстырды
Фото: ДСМ
Алматы қалалық Кардиохирургия орталығының дәрігерлері орталық тарихында алғаш рет адам жүрегін ауыстырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Операциядан кейін 34 жастағы қала тұрғыны энергетикалық сусындарды көп ішкеннен кейін жүрегі сыр бере бастағанын айтқан.
Ауруымның бәрі энергетиктерден басталды. Басында күніне 1-2 дана ішіп жүрдім, кейін олардың әртүрінен күніне 10 бөтелке іштім. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Менің өміріме араша түскен дәрігерлерге айтар алғысым шексіз, - дейді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас донор кезегінде тұрған. Операция бес сағатқа созылған.
Науқасқа «терминалды созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған». Ол жүрек трансплантациясының кезегінде тұрған еді. Жүрек трансплантациясының операциясы бес сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті аяқталды. Трансплантацияны Алматы қалалық кардиологиялық орталығының мультидисциплинарлық командасы University Medical Center (Астана) бірлесе отырып, ҚКО директоры Ермағамбет Қуатбаев пен UMC КФ басқарма төрағасы, профессор Юрий Владимирович Пя басшылығымен орындады. UMC командасы әріптестерін қолдау үшін Алматыға жедел келді, - деп хабарлайды ДСМ-ның баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)