«Үстінде тек іш киім болған»: Алматыда 18 жастағы қыз 9-қабаттан құлап кетті

Жаңалықтар
view 2979
news

Фото: видеодан скрин

Алматыдағы “Райымбек” тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан 18 жастағы бойжеткен құлап кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, ол құрбысымен бірге арақ ішкен. Құлаған сәтте қыздың үстінде тек іш киім ғана болған. Тірі қалған ол айғайлап, жылаған.

Қазірде дәрігерлер жарақат алған қызды ауруханаға жеткізді. Ал полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп жазды BAQ.KZ.

Өз-өзіне қол жұмсауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайлары анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *