Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп қалды

Жаңалықтар
view 962
news

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

БҚО-дағы су тасқыны бойынша жағдай күрделі.  Жайық өзені қауіпті деңгейге жетіп қалды. Өңірде 20 күн бұрын төтенше жағдай жарияланған,  – деп хабарлайды janabastau.kz.

Орал қаласы мен 4 ауданда су басу қаупі сақталады. Еріген қар суынан төнген қауіп сейілді. Алайда Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. Соңғы тәулікте су деңгейі 34 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Төлеуіш Нұржан ОКҚ брифингінде мәлім етті.

«Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1 784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуекемесі жұмылдырылды», – деді спикер.

24-25 сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалып тұр. Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пункттерге берілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *