“Жала жабылмаса екен”: Перизат Қайраттың құрбысы мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 17
news

Сурет: фотокоолаж KYN.KZ

Ол қайырымдылық жолына өзінің ауыр апаттан аман қалып, әлемге пайдалы болғым келеді деген ниетімен келгенін білеміз

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайраттың құрбысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, блогер әділдікті аңсайтын жан. Ол көпшіліктен оқиғаның анық-қанығын білмей жатып, үкім шығаруға асықпағандарын сұрады.

«Осы постты оқып отырған әрбіріңізге құрбымыз Перизатқа қатысты айтарымыз бар. Перизатты 10 жылдан аса уақыт танимыз, қайырымдылық қорынан бөлек оның отбасылық жеке бірнеше кәсіптері бар. Ол қайырымдылық жолына өзінің ауыр апаттан аман қалып, әлемге пайдалы болғым келеді деген ниетімен келгенін білеміз. Құрбы дос ретінде, ақкөңіл, әрдайым әділдікті аңсайтын жан. Әлі толық дәлелдер шықпай, анық қанығына жетпей жатып, үкім шығаруға асықпайық.

Ақ адал еңбегімен тірлік етіп, халқына қайырымдылық жасауға бар күш-жігерін жұмсап, маңдай терін төгіп жүрген құрбымыз Перизат Қайратқа жала жабылмаса екен дейміз.

Алдына табанды мақсат қойып, шетелде білім алып, ел қатарлы кәсіппен айналысқан оның өмір және еңбек жолы тартысқа толы болғанына қарамастан, ол қиындықтың барлығын ерік-жігерімен жеңіп, қатарының алды болып жүрген жалынды жастардың бірі! Біз озық ойлы, еріктілердің басын қосып, еліне қызмет етіп жүрген Перизаттың жазасыз жапа шекпей, ақталып шығарына сенеміз!», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *