Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол
Фотосурет: дереккөз
2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн және онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Төрағасы А. Әміртаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшыларжәнебелгіліқоғамқайраткерлеріқатысып,ҚазақстанРеспубликасы Конституциясының жаңа жобасы талқыланды.
Талқылау барысында мемлекеттің институционалдық дамуы, адам құқықтарының басымдығы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы стратегиялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз баяндамасында Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның саяси алғышарттарына тоқталып, оның заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқаны, e-Otinish платформасы арқылы мыңнан астам ұсыныс түскені айтылды.
Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын әрі күшейтілген түрде бекітіліп отырғанын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта азаматтардың өмір сапасын айқындайтын басты факторлар болып табылады және мемлекеттің болашақ ұрпақалдындағы тікелей жауапкершілігі болуы тиіс.
Осыған байланысты «БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен бекітуді ұсынды. Кеңейтілген отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Бекберген Керей« Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында
Пікірлер (0)