Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяның күйеуі Мәскеуде жауап берді

Жаңалықтар
view 21
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Ресейлік журналистер Германияда қаза тапқан қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты деп аталған Донцовтар отбасының анасы мен ұлын Мәскеуден тапты. Олар Ресей астанасында тұрып, жұмыс істейді. Бұл туралы 112 telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Telegram-арна күдіктілердің эксклюзивті кадрларын жариялады. 

Журналистермен сөйлескен Александр Донцов өз қатыстылығын қатты жоққа шығарып, істің айналасындағы ақпарат бұрмаланғанын айтты.

«Сіздер өте көп қателестіңіздер. Өте көп жалған ақпарат көрсетілді. Адамдар, арандатушылыққа берілмеңіздер, сенбеңіздер. Бұл бандиттік әдістерге бой алдырмаңыздар», - деді Донцов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *