«Жаңа Конституция және отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Фотосурет: дереккөз
Бүгін «Жаңа Конституция және отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — қоғамдағы отбасы институтының маңызын ашу, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ жаңа Конституция аясындағы отбасының рөлін талқылау болды.
Іс-шара барысында Отбасы қолдау орталығының әлеуметтік қызметкері Шолбан Сансызбайқызы баяндама жасап, отбасылық құндылықтардың қоғам өміріндегі орны, отбасының әлеуметтік маңызы және ұлттық тәрбиенің негіздері жөнінде мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, баяндамашы отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік пен тәрбиенің ұрпақ болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен дөңгелек үстел пікір алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді. Осындай тағылымды әрі мазмұнды шаралар отбасылық құн
Пікірлер (0)