Жаңа Конституцияны қолдау – ел болашағын қолдау

Жаңалықтар
view 34
news

Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Жаңа Конституцияны қолдау – бұл ең алдымен еліміздің болашағына, мемлекетіміздің тұрақты дамуына деген сенімді білдіру деп есептеймін. Конституция – кез келген елдің саяси-құқықтық жүйесінің негізі, қоғам өмірінің басты бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Сондықтан оның мазмұны заман талабына сай болып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет етуі аса маңызды.

Жаңа Конституцияда мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті күшейтуге, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды нормалар көрініс тапты. Бұл өзгерістер еліміздегі демократиялық институттарды дамытуға, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту секілді бастамалар да қоғамның сұранысына сай келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше рет Конституциялық реформалардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халыққа жақын мемлекет құру екенін атап өткен болатын. Бұл – әрбір қазақстандықтың құқықтары мен мүмкіндіктері тең болатын, заң үстемдігі берік орныққан қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Сондықтан Жаңа Конституцияны қолдау – тек құқықтық құжатты қолдау ғана емес, сонымен бірге еліміздің жаңару жолындағы бағытын қолдау деп білемін. Бұл өзгерістер Қазақстанның одан әрі дамуына, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға және болашақ ұрпаққа берік мемлекет қалдыруға қызмет етеді.

Ерік ЕЛЕУСІЗ,

«Jana Bastau» газетінің қызметкері.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *