Жаңа Конституцияның алғашқы сәбилері: Бір күнде 857 нәресте дүниеге келді

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет: Ұлттық статистика бюросы

1 шілдеде – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Осылайша бұл күн жүздеген отбасы үшін мемлекеттің ғана емес, өз әулеттерінің тарихындағы ерекше датаға айналды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сондай-ақ Атырау және Алматы облыстарында егіздердің екі жұбы өмірге келді. Министрлік бұл күннің ерекше символдық мәнге ие екенін атап өтті.

Өйткені 857 қазақстандықтың өмір жолы еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезең басталған күні бастау алды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі нәрестелі болған барлық отбасын құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және баянды болашақ тіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *