Еркеғали Бейсенов: Жаңа Конституция – саяси жаңғырудың берік негізі

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: дереккөз

Jana bastau газетінің бас редакторы Еркеғали Бейсенов Қазақстанның жаңа Конституциясы елдің саяси және құқықтық дамуындағы маңызды кезең екенін айтты.

Оның пікірінше, жаңа Конституция қоғамдағы өзгерістерге сай қабылданып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

«Бұл құжат билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, Парламенттің заң шығару қызметіндегі рөлін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, әділ сот жүйесін дамытуға конституциялық негіз қаланды», – деді Еркеғали Бейсенов.

Сондай-ақ ол Конституциядағы өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға да серпін бергенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа нормалар өңірлердің дербестігін күшейтіп, тұрғындардың жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. 

«Жалпы, жаңа Конституция – Қазақстанның саяси жаңғыруының негізі. Оның толыққанды жүзеге асуы мемлекеттік институттардың тиімді жұмысына ғана емес, азаматтардың белсенділігі мен құқықтық мәдениетіне де байланысты. Сондықтан бұл құжат еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағыт беретін стратегиялық негіз болып қала береді», – деді бас редактор.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *