Психологиялық қызмет заңмен реттеледі: Тоқаев құжатқа қол қойды
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Психологиялық қызмет алғаш рет заңмен реттеледі: Жаңа заңның басты ерекшелігі – психолог мамандығына қойылатын талаптарды нақты белгілеуі.
Жаңа заңға сәйкес: Енді арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін "психолог" деп атай алмайды; ️
"Психо-коуч", "психо-кеңесші" атауларын қолдануға да шектеу қойылады; ️
Енді кәсіби білімі жоқ адамдардың "психолог" сөзін жарнамалық мақсатта пайдалануына тыйым салынады;
Жаңа заң бойынша психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбайды; ️
Сондай-ақ қабылдау кезінде адамның рұқсатынсыз бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынады.
Құжат біліктілігі жоқ жалған мамандарға тосқауыл қойып, азаматтардың сапалы әрі қауіпсіз қызмет алуын қамтамасыз етеді.
Пікірлер (0)