«Ұят-ай! Үйленгендеріне көп болмап еді»: Жігер Ауыпбаевқа қатысты күтпеген ақпарат тарады

Жаңалықтар
view 30
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Жақында өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған жұбайының жүкті екені туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында Threads желісінде өздеріне қатысты «гендер пати жасап жатыр», Ұят-ай! Үйленгендері кеше ғана» деген әңгімелер тарағанын жазған.

«Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Көтергенін, көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісіне үйленгенін жариялаған болатын. Желіде ерлі-зайыптылардың сәби күтіп жүргені туралы түрлі болжамдар тараған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *