Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар бала табылды

Жаңалықтар
view 23
news

Фото: getty images

Жаңаөзенде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды. Ол досының үйінде болған, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ.

Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар баланың ата-анасы басылымға оның аман-есен табылғанын хабарлаған. Белгілі болғандай, ол досының үйінде болған. Қазіргі уақытта алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды, оларды қараусыз қалдырмауды және балаларының қайда, кіммен жүргенін үнемі қадағалап отыруды еске салады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *