Жаңбыр, қар, 2 градус қатқақ: 26 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото интернеттен
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градусқа дейін суытады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Пікірлер (0)