Заңгер чемпионға күйе жағып жатқандарға жауап берді

Жаңалықтар
view 2932
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Чемпиондармен бірге түскен фотоларын салып, мақтанып жатқандардыкі — саясат, нағыз саясат соларда, деп жазды заңгер Ляззат Ахатова өзінің фейсбук парақшасында. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.

«Қаңтарда төгілген абыройды ел алдында осылай көтереміз деген айлалары. Елдоста тұрған ештеңе жоқ. Ол тек спорттағы жетістігінен басқаны ойламайды. Мемлекетті төңкергісі келгендердің қатарында болған болса, дәл бұлай жүрмес еді деп ойлаймын.

Ауылдан шыққан қарапайым бала, талантың тасып жатса да, қолдау, сүйеу болмаса, бізде ешкімнің көтеріле алмайтыны өтірік пе? Кезінде атақтары жер жарған ағалары жақын тартып, демеп жіберген шығар. Ондай демеусіз біздің бюрократтар есігінен де қаратпайтынын бала да біледі. Олардың түпкі мақсатын қайдан білсін? Бастысы олардың Қаңтарға қатысы жоқ, мемлекетіне, еліне ниеті түзу, адал. Ал діни наным-сеніміне ешкім пәлен дей алмайды. Конституциялық құқықтары. Кезінде солай қалыптасып кеткен шығар. Алла деп, намаз оқығанның бәрі радикал емес. Елдосты өмірімде көрген емеспін, танымаймын. Ол да мен сияқты адамның бұл өмірде бар-жоғынан бейхабар. Бірақ мынадай бықсық әңгімені тоқтатыңыздар. Көңілі көкте қалқып, елім деген азаматтың жүрегіне қаяу салмаңыздар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *