Жаңқош Тұраровтың жұбайы Әнаруға қатысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 87
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Жаңқош Тұраровтың әйелі әлеуметтік желіде Әнаруға қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz.

Басы дауға қалған боксшының жұбайы Клара Иса инстаграмда Әнарулың белгісіз нөмірлермен күні-түні Жаңқошқа хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазған.  

"Түнімен, Құдайдың құтты күні-түні осындай звоноктар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келеді ме? Қыздың бұндай қырын көрсету тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған" ару есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласады ма?  Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз", - деп жазған әлеуметтік желіде Клара ханым. 

Сонымен қатар Клара ханым Жаңқош Тұраровты тоқтатып отырғанын, қызды милицияға ұстатып жібермей аяп отырғанын да айтып өткен. 

"Біз милиция шақырып трезвый емес жағдайына қарап ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып аяп отырмыз. Жаңқошты тоқтатып отырмын. Бұл ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой, қиялына ерік берген деп", - дейді Жаңқош Тұраровтың жұбайы. 

Боксердің әйелі бұл жаңалық шыққалы Әнару туралы өзіне көптеген лас ақпараттар мен фото, видеолар келгенін, сабыр сақтап ештеңені шығармай отырғанын, қызды аяйтынын және сабыр тілейтінін жазып кеткен. 

Сондай-ақ, "Жаңқоштың үйленгенін білмедім" деген Әнарудың инстаграмда бұл жұпқа бақыт тілеп жазғандарын да көрсеткен. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *