Зейнетке 56 теңге жалақымен шыққан: қарт дәрігер министрлікті сотқа берді

Жаңалықтар
view 148
news

Фотосурет: freepik.com

Абай облысының соты 76 жастағы әжейдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетіне қатысты арызын қарап, оның зейнетақысын көбейтіп берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сот материалдарына сенсек, әжей зейнетке шығарда еңбек өтілінің бәрін қосып, құжат тапсырған. Уәкілетті орган зейнеткер 1993 жылдың 1 тамызы мен 1994 жылдың 31 шілдесі аралығында небары 56,76 теңге жалақы алды деп есептеген. Алайда ол осы аралықта қаланың орталық ауруханасынан бөлек, жеке фирмада жұмыс істеп, айына 1 мың теңге жалақы алған екен.

Даудың туындауына 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақыны қайта есептеу себеп болды. Бұл есептеу 2003 жылғы №564 Үкімет қаулысына сәйкес жүргізілуге тиіс еді. Оған сәйкес орташа айлық табысты есептеудің екі нұсқасының бірін таңдау мүмкіндігі берілген. Уәкілетті орган зейнеткер үшін тиімсіз нұсқаны – 1997 жылғы 6 мың теңге табыс негізінде есептеуді таңдаған. Ал екінші нұсқа – 1993 жылғы 1 тамыз бен 1994 жылғы 31 шілде аралығындағы кезеңдегі табыс негізінде есептеу тіпті тиімсіз болып көрінген. Себебі бұл кезеңдегі ресми табыс небәрі 56,76 теңге болған, - деп хабарлады Абай облысының соты.

Алайда әжей бұл кезеңде жеке фирмада қосымша жұмыс істегенін растады.

Осыған қарамастан, 1994 жылы зейнетақы алғаш рет тағайындалғанда бұл табыс ескерілмеген. Бұл зейнетақы мөлшерінің қате және төмен тағайындалуына, кейін 2003 жылы тиімсіз қайта есептеуге әкеліп соққан. Сот зейнеткердің құқығын қорғап, оған 56,76 теңге жалақы емес, 1 мың теңге жалақымен зейнетақы тағайындап берді, - деп хабарлады сот.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *