Алматыда 18 жастағы бозбаланы бір топ мас адам себепсіз тепкілеп кеткен (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Алматыда 18 жастағы бозбаланы еңгезердей ерлер жабылып ұрып кеткен. Анасының айтуынша, жас жігіттің басы жарылып, мұрыны сынған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

12 қазанның түнінде 35-40 жас шамасындағы бір топ мас еркек ұлымды Толе би көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесінің алдында ұрып кетті. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан тепкен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін, - деді жәбірленушінің анасы.
Жарақат алған бозбаланың өзі ауруханада жатыр. Оның айтуынша, мас адамдар себепсіз жабыла кеткен. Ал өзі ешқандай алкогольді сусын тұтынбаған.
Пікірлер (0)