Экономист автобус жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынды
Фотосурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Қоғамдық көлікке бөлінетін мемлекеттік субсидиялар тиімсіз әрі жемқорлық тәуекелін күшейтеді. Бұл – экономист-сарапшы Олжас Байділдиновтің пікірі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Петропавл қаласында тасымалдаушыларға субсидия соңғы 3 жыл бойы төленбеген. Ал қазіргі жағдайда жолақының өзін-өзі ақтайтын құны кемі 345 теңге болуға тиіс.

Мен бұл мәселені бұрыннан айтып келемін. Автопарктерге бөлінетін субсидиялар жүйесі тұманды, жемқорлыққа бейім әрі сапа тұрғысынан ешқандай нәтиже бермейді, – дейді Олжас Байділдинов.
Сондай-ақ ол екі мегаполис – Астана, Алматы қалаларында жолақының экономикалық негізделген құны 500 теңге шамасында болуын қалайды.

Мысалы, былтыр Алматыда автобус тасымалына 200 миллион доллар субсидия бөлінді. Бірақ одан сапа жақсарды ма? – дейді сарапшы.
Оған қоса қоғамдық көлік саласына нарықтық баға мен ашық бәсекелестік енгізу қажет екенін атап өтті.

Үш аялдама жүрген адам мен 1,5 сағат жол жүрген жолаушының бірдей төлеуі – экономикалық тұрғыдан қисынсыз. Жолақы қашықтыққа қарай есептелуі керек, – деп отыр тағы.
Оның пікірінше, мемлекеттік субсидиялардан бас тарту және тарифтерді нарыққа жіберу – қоғамдық көлік жүйесін сауықтырудың жалғыз жолы.
Пікірлер (0)