Ақан Сатаевтың «Томирисі» 12 жылдан кейінгі сүйінші жаңалығын айтты
Фотосурет: ашық дереккөзден
Белгілі режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырды деген актриса, көпшілікке «Томирис» фильміндегі басты рөлі арқылы танылған Әлмира Тұрсын желідегі парақшасына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Толқу мен қуаныш үстінде сіздермен бақытты жаңалығымды бөліскім келеді. 12 жылдан кейін қайтадан ана болуға дайындалып жүрмін. Бұл ғажайып пен қуаныш үшін Құдайға мадақ және шексіз алғыс! - деді ол.
Актриса көпшіліктің сұрағына алдын ала жауап беріп, өзінің ұзақ уақыттан бері отбасылы екенін және үлкен отбасымен бірге тұратынын атап өтті.

Сұрақтарыңыз бен қызығушылықтарыңызды алдын ала біліп, бірден айтайын: мен көптен бері тұрмыстамын, үлкен отбасымызбен бірге өмір сүріп жатырмыз. Оның, менің және ортақ балаларымызбен. Бұдан әрі егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын, себебі жеке өмірімді қымбат көремін, өйткені мен «бақыт тыныштықты сүйеді» дегенге сенемін, - деп жазды Әлмира Тұрсын.
Пікірлер (0)