Жетісу облысының 3 мыңға жуық тұрғыны «Саламатты Қазақстан» пойызынан көмек алды
Фотосурет: ашық дереккөзден
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғайдағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда.
Мамандандырылған медициналық тобы тұрғындарды Жайпақ, Достық және Бескөл станцияларында қабылдап, медициналық көмек көрсетті. Оларға профилактикалық тексерулер, бейінді мамандардың кеңестері, бастапқы диагностика және алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Пойыз жұмысы барысында жалпы 2 855 адам, оның ішінде 1 241 бала тексерілді.
Халыққа терапевт, педиатр, офтальмолог, кардиолог, маммолог және басқа да мамандар қызмет көрсетті. Пациенттерге қосымша тексерулер мен емделуге жолдамалар берілді.
Жоспар бойынша, пойыз барлығы 123 станцияға барып, 90 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен. Оның маршрутында толыққанды медициналық инфрақұрылымы жоқ аймақтар орналасқан.
Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссияның қолдауымен, «Самұрық-Қазына» ұйымының атынан Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры іске асырып отыр.
Пікірлер (0)