Ақтөбеде де ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасын тапты

Жаңалықтар
view 51
news

Фотосурет: gov.kz

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, онда облыс орталығында және оның аудандарында өндірілген, соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларының өнімдері ұсынылды.

Жәрмеңке қонақтары 2,5 тоннадан астам ет, сондай-ақ шұбат, қымыз, құрт, сүзбе, сары май, жұмыртқа, түрлі нан және кондитерлік өнімдер, жеміс-жидектер мен көкөністер және басқа да жоғары сапалы табиғи өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл жәрмеңкенің басты артықшылықтарының бірі – бағалардың нарықтағы орташа деңгейден 10-15% төмен болуы.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар облыс орталығында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл Ақтөбе тұрғындарына сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жергілікті өндірісті қолдауға және дамытуға да ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *