Шудағы шындық: жоғары сынып оқушылары бір баланы қинап өлтірген (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 182
news

Фотосурет: видеодан скриншот

12 қыркүйекте Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында болған оқушы қазасына қатысты тың деректер айтылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Руслан Өтепбайдың «Тәуелсіз бағдарлама» YouTube-арнасында қылмысқа қатысы бар деген күдікті жасөспірімдердің ата-анасы да, оқиға орнындағы куәгерлер мен жәбірленушілер де сұхбатқа тартылды.

Хронология бойынша, сол ауылдың 11-сынып оқушылары кіші сыныптағы бозбалаларды жинап, сапқа тізіп қойып, ұрып-соққан. Ауыл мәдениет үйінің артына жиылып, бейберекет іс жасағаннан кейін 9,10-сыныптың оқушыларын бөлек-бөлек дүкенге жұмсаған.

Сондағы соққылардан есеңгіреп қалған марқұм Мирас дүкенге ілініп-салынып әрең жеткен. Куәгерлердің айтуынша, алдыңғы жиынға қатыспай, үлкендердің сұрауын орындамағаны үшін Мирастың кеуде тұсына ауыр соққы жұмсалған. Кейін дүкен жанында осы әрекетті 11-сыныптың тағы басқа балалары келіп жалғастырған.

Дүкеннің артында 3 бала ұстап алып, тек жүрек тұсынан ұра берген. Мирастың екі досы жанында болған. Мирас «дем ала алмай жатырмын» дегенде, «сен касить етпе» деген сөзі бар бір баланың. Көкіректен ұра берген. Сол жерде тіл тартпай кеткен, - дейді қайғыдан қан жұтқан анасы.

Пікірлер (1)

  • Kalikaydar Kanat

    Оқушыларда тәртіп жоқ, үлкендер қалай болса балаларда солай болады, бұған мемлекетте жауапты, мемлекет қазір халықпен жастардың қауіпсіздігіне қадағалаудан қалғаны қай заман, әкім, мектеп директоры, полициялар тек пара алумен ғана айналасып өзінің қызыметін ұмытып мемлекеттің сеніп берген қызыметіне мән бермей жеке бас пайдасын қуып кеткен.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *