Тәліптер Пәкістанмен арадағы 25 бекетті басып алды

Жаңалықтар
view 144
news

Фотосурет: дереккөз

Сенбіден жексенбіге қараған түні Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қақтығыстар болды. Ауған тарапының мәлімдеуінше, бұл ретте 58 пәкістандық сарбаз қаза тауып, тағы 30-ы жараланған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі AP News-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ Пәкістан армиясының 25 бекеті басып алынғаны айтылды. Бұл туралы Талибан Үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Кабулдегі баспасөз мәслихатында хабарлады.

Ауғанстанның барлық ресми және бейресми шекарасындағы жағдай толық бақылауда. Заңсыз әрекеттердің басым бөлігіне жол берілмей отыр, - деді ол.

Айта кетсек, Пәкістан мен Ауғанстан «Дюранд сызығы» деп аталатын шекараны бөліседі, ал оны Кабул ресми түрде мойындамайды. Дюранд сызығы Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы ұзындығы 2 640 шақырым, іс жүзінде толық белгіленбеген шекара. Ол Ұлыбритания британиялық Үндістанды кеңейтуге тырысқан екі англо-ауған соғысының нәтижесінде пайда болған. Қысқасы, бұл 1893 жылы ауған әмірі Абдуррахман мен үнді отарлық әкімшілігінің хатшысы сэр Мортимер Дюранд арасындағы келіссөздердің қорытындысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дюранд сызығы бойымен Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында ауыр шайқастар басталғаны хабарланған еді. Қызу қақтығыстар Кунар, Нангархар, Гильменд, Пактия және Пактика провинцияларында жүріп жатыр. Екі ел әскерилері арасындағы қақтығыстар салдарынан Пәкістан Ауғанстанның 19 шекаралық пунктін басып алған болатын. Одан кейін Пәкістан Қорғаныс министрлігі тәліптерді енді Пәкістанға қарап қару көтере алмайтындай ететірндерін ескертті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *