Жетісу облысында полиция басшылары қылмыс үстінде ұсталды

Жаңалықтар
view 94
news

Фото: ашық дереккөз

Жетісу өңіріндегі тәртіп сақшыларының жемқорлық дауына іліккені жөніндегі ақпарат ресми түрде расталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті пара алды деген күдікке ілінген полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алматыда Ресей блогерінен пара алған полицей қызметтен босатылды

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полицейлердің ұсталғаны жайлы хабар тарап, қызу талқыланған еді. Құзырлы орган бұл деректің негізсіз емес екенін нақтылады. Оқиға желтоқсанның екісі күні болған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бірлесе отырып арнайы операция жүргізген.

Құрыққа ілінгендер қатардағы қызметкерлер емес болып шықты. Тергеу изоляторына жөнелтілгендердің бірі – Достық кенті полиция бөлімшесінің бастығы болса, екіншісі – Алакөл аудандық бөлімінің учаскелік инспекторы. Ел тыныштығын күзетуге міндетті лауазымды тұлғалар қылмыс үстінде әшкереленген.

Белгілі болғандай, шенділер қомақты қаражатты, нақтырағы 6 миллион теңгеге жуық ақшаны алып жатқан сәтінде қолға түскен. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *