«ЖАҢА ТОЛҚЫН – 2022» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
Қосшы жаңалықтары
75
«Жастық шақ – ерлік жасар шақ» деп француз жазушысы Мари-Анри Бейль айтқандай, еліміздің жігерлі де жалынды жастары мемлекетіміздің серпінді дамуына өз үлестерін қосып келеді. Әсіресе, Қосшылық жастардың қарқыны ерекше. Осыған орай Қосшы қаласы "Жастар ресурстық орталығының" ұжымы биыл алғаш рет "Жаңа толқын - 2022" атты үздік жас көшбасшыларының байқауын ұйымдастыруда. Сайыстың талаптары мен ерекшеліктері туралы толық ақпарат алу үшін орталықтың бас маманы Мөлдір Дюсембаевамен сұхбат жүргіздік.
- Мөлдір ханым, алғаш рет қолға алынған байқаудың қатысушыларына қойылатын басты талап қандай?
- Алдымен "Жаңа толқын - 2022" үздік жас көшбашылар байқауының мақсаты - Қосшы қаласы ойынша дарынды, алатты жастарды анықтау, жыл көлемінде жеткен жетістіктері мен белсенее көзге түскен жастарды марапаттау болып табылады. Сонымен қатар, жастардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау. Жалпы байқауға 10 номинация бойынша Қосшы қаласының 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Номинацияларды атап өтсем: "Үздік өзін-өзі басқару ұйымы", "Үздік жыл пікірсайысшысы", "Үздік жыл спортшысы", "Жылдың үздік мектеп Президенті", "Үздік жыл белсендісі", "Үздік жыл старостасы", "Ең үздік белсенді жастары бар Жыл мектебі", "Жылдың жас кәсіпкері", "Жылдың жас дәрігері", "Жыл таланты". Қатсыушылар аталған номинация бойынша өзі туралы ақпарат, яғни партфолио дай ындайды. Қатысушылардың құжаты 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Ескерту керек, жалған құжат жасағандар бірден байқауға қатыспайды.
- Бүгінге дейін "Жаңа толқын -2022" сайысына қатысуға жастардан қанша өтінім келіп түсті? Жаңа бастама аясында Қосшылық жастардың белсенділігі қандай?
- Қосшы қала статусын алғанына көп болмағанына қарамастан, жастар саясатын дамыту мақсатында көптеген жаңа жобаларды қосудамыз. Бұл жолғы үздіктерді анықтау сайысына Қосшылық жастардың көзқарасы жақсы болды. Тіпті қолдап, оны дәстүрлі шараға айналдыруды сұрауда. Бұл жастарды шығармашылықпен айналысуға одан әрі жігерлендіреді.Жалпы байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны көп. Жалпы 50-ден астам өтінім келіп түсті. Бұл сан тағыда артуы мүмкін.
- Жеңімпазды кім анықтайды?
- Әр номинация бойынша үздіктерді анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Жалпы 5 адамнан кем емес өкілдер комиссия құрамында болады. Дауыс беру арқылы әр аталымға лайық деп танылған көшбасшылар анықталады. Тағы бір айта кетерлігі, комиссия мүшелері қосымша жүлделерді енгізуге құқылы. Сонымен қатар, номинация беру шешімі талқылауға жатпайды. Барлығы әділ өтеді.
- Номинация иегерлері қашан анықталады?
- "Жаңа толқын - 2022" үздік көшбасшыларды марапаттау рәсімі 20 желтоқсан күні өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, мектеп атынан сайысқа түскен қатысушыларды жұмылдыру мектеп директоры мен оның орынбасарларына жүктеледі.
- Үздік жас көшбасшыларды анықтау жобасы дәстүрлі түрде өтеме?
- Әрине, біз жаңадан қолға алған бастамаларды жыл сайын өткізуді мақсат етіп отырмыз. Бастысы Қосшы қаласында үздік жас көшбасшылар санын арттыруды көздейміз. Байқау туралы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Қосшы қаласыы Жастар ресурстық орталығына жүгінуге немесе 8705 532 69 44 нөміріне хабарласуға болады.
- Сұқбатыңызға рақмет! Ендеше, жаңа бастамаларыңыз сәтті өтсін. Қосшыда жастар саясатын дамытатын жоба қатары арта берсін деп тілейміз!
Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)