Жастар арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?

Редакция таңдауы
view 120
news

Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының белсенді жастары  қалалық полиция бөлімінде кездесу өткізді. Екі жақ өздерінің алдағы жасайтын жоспары мен ойларымен бөлісті, сондай-ақ түрлі идеялар мен ұсыныстар айтылды.

Қалалық мәслихаттың депутаты, Жастар ресурстық орталығының директоры Ақылбек Данабекұлы мен Қосшы қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Жасұр Мәжитов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға  қол қойды. Мұндағы басты мақсат – жасөспірімдер арасында заңбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен лудоманияға қарсы күрес, түнгі рейдттерді жүргізуде көмектесу.

Жастар өз тарапынан  “Жас сақшы” тобын құрды. Алдағы уақытта полиция сақшылар арасындағы үздік жастарды арнайы куәлікпен, төс белгілермен  марапаттайтын болады. Бүгінгі күні  Қосшы қаласындағы 7 мектепте  “Жас сақшы” тобын құру жұмыстары жүргізіліп, іріктеу жүріп жатыр.  Қалалық Жастар ресурстық орталығы сақшы болғысы келетін жастарды қатарына қосуға дайын.

Гүлназ БИСЕН 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *