Жолдың жағдайын жүрген біледі
Редакция таңдауы
80
Қосшы қаласының тұрғындары үшін қол созым жерде жатқан елордаға жетудің өзі оңай емес. Әсіресе таңертеңгі сағат 06.30-дан 10.00-ге дейінгі қарбалас уақытта қоғамдық көлікпен қатынау мүлдем мұңға айналады. Жергілікті халық осы қиын жағдайды айтып әкімдікке де, мәслихат депутаттарына да, автобус паркі басшылығына да әлденеше рет арызданған.
Оған Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабы төмендегідей: Қосшы қаласына 4 бағдармен №303 (14 автобус), №320 (8 автобус), №323 (3 автобус), №302 (3 автобус) – барлығы 28 автобуспен қызмет көрсетіледі. Автобустардың қозғалыс аралығы 8 минтуттан басталады, ал 320 бағдардың жүру аралығы 14-20 минутты құрайды.
Алайда, көліктер арагідік сынып тұруына байланысты олардың бәрі бірдей жұмысқа шыға бермейді. Мәселен, №320 бағдарда 8 автобус жүреді, аралығы 13-20 минут. Ал 18 тамыз күні 8 автобустың 3-і техникалық себептерге байланысты маршрутқа шықпай қалуы кесірінен жүру аралығы 60 минутқа ұзарған. Осыдан кейін №320 бағдардың қозғалысы «City Transportation Systems» ЖШС Орталық диспетчерлік қызметінің бақылауына алынды.
Одан бөлек, бүгінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығы (900-ден астам адам) және жылжымалы құрамның жетіспеушілігі (400-ге жуық бірлік) себепті Астана – Қосшы бағдарында автобустар санын ұлғайту және жүрудің аралық уақытын қысқарту қиынға соғып отыр. Алайда «City Transportation Systems» ЖШС-нің хабарлауы бойынша, биыл шілде тамыз айларында қосымша жылжымалы құрамдар сатып алынғаннан кейін тасымал маршруттары кестесін жиілетуге мүмкіндік туады. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша «City Transportation Systems» ЖШС басшылығы әкімдікпен және тұрғындармен кездесуге дайын екендерін мәлімдеген.
Айта кетейік, 2023 жылдың маусым айының есебі бойынша №320 бағдарда рейстерді орындау көрсеткіші 82% құрады. 2023 жылдың соңына дейін №303 бағдар үшін қосымша 4 автобус сатып алу жоспарланған.
Одан бөлек, қазір екі ортаға қатынап жүрген автобустардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен арбада отыратын сәбилерді тасымалдауға арналмаған. Олардың ішінде арба қоятын бос кеңістік жоқ. Арбалы жолаушылар орындық орналастыратын тұс таппай қиналады. Тіпті арбаны автобусқа кіргізгеннің өзінде онысын қайда қоймақ? Егер орындықтар арасындағы дәлізге орналастырса, ол жолай аялдамалардан түсіп-мінетін жолаушыларға кедергі келтіреді. Сондықтан қоғамдық тасымал үшін жаңа автобустар сатып алғанда осы жайды да ескерген жөн.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Редакция таңдауы
Астанада әйелдің басына лифтінің плиткасы құлап, миы шайқалды
Пікірлер (0)