Жолаушыларға тосын сый: Енді пойызда WhatsApp-қа кіре аласыз

Жаңалықтар
view 67
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстанда жолаушылар пойыздарына ғаламдық интернет жүйесі Starlink қосылуы мүмкін. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Әзірге аталған қызмет ең алдымен «Тальго» пойыздарының барлық 25 құрамына орнатылмақ. Қазіргі уақытта интернет желісі сынақтан өтіп жатыр.

«Starlink интернеті пойыздарда сынақтан өткізілуде. Егер нәтиже оң болса, жоба ауқымы кеңейеді. Байланыс сапасы жақсы, бірақ еліміздің аумағы кең болғандықтан әр өңірде қалай жұмыс істейтінін тексеріп көру қажет», – деді Ахметжанов.

Жоспарға сәйкес, жолаушыларға WhatsApp мессенджері тегін пакет ретінде ұсынылады. Ал бейнемазмұн мен өзге де ауқымды сервистер үшін қосымша ақы төленеді. Тарифтер көлем бойынша немесе уақытқа қарай бөлінуі мүмкін.

Қазан айынан бастап технология «Ақтөбе–Алматы» және «Қызылорда–Семей» бағыттарында сынақтан өтеді. Қазіргі уақытта Burabay Express пойызында Starlink интернеті іске қосылып, жолаушылар белсенді пайдаланып жүр.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *