Астаналық оқушыға алғаш рет «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Жаңалықтар
58
Сурет: Ашық дереккөзден
Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – елімізде мектеп оқушысына алғаш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.
Жас шахматшы Алдияр әлемдік деңгейдегі түрлі беделді жарыстарда топ жарып, Қазақстанның спорт абыройын асқақтатып келеді. Ол бірнеше мәрте халықаралық турнирлерде жеңіске жетіп, әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап, көк туды биікте желбіреткен.
Аңсат Алдиярдың бұл жетістігі жасөспірімдер арасындағы спортшыларға үлкен шабыт берері сөзсіз.
Пікірлер (0)