Журналист Оңғар Қабден: Жаңа Конституция қоғамдық шарттың негізін қалайды

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Журналист Оңғар Қабден жаңа Конституция жобасымен танысып, Ата заңның преамбуласы толықтай жаңартылғанын атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, құжатта ұлттық құндылықтар айқын көрсетілген.

Атап айтқанда, «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген тұжырым мемлекеттіліктің терең тарихи тамырын және өркениеттік сабақтастықты білдіреді.

Сондай-ақ преамбулада Қазақстанның унитарлы мемлекет ретіндегі сипаты, шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақты көрсетілген. Бұл егемендік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берілетінін аңғартады.

Журналисттің пікірінше, құжатта «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты да көрініс тапқан. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталатыны айқындалып, әділетті мемлекеттік билік қалыптастыруға ұмтылыс байқалады.

Оңғар Қабден жаңартылған преамбула елдің қазіргі болмысын ғана емес, болашақ даму бағдарын да айқындайтынын атап өтті.

Адам құқықтарының үстемдігі, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет, білім, ғылым мен инновацияға басымдық беру кемел мемлекет пен жауапты қоғам құндылықтарының көрінісі саналады.

Оның сөзінше, бұл преамбула тәуелсіздік кезеңін ғана емес, өз жолын айқындаған және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінетін Қазақстанның жаңа қоғамдық келісімін паш етуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *