«Ақмола жұлдыздарының» жеңімпазы – Қосшы қаласы!

Руханият
view 398
news

Көкшетауда кезекті «Ақмола жұлдыздары» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының гало-концері өтті.  Биылғы байқаудың жеңімпазы – Қосшы қаласы.

«Көкшетау» облыстық мәдениет сарайында Балалар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, бас жүлдеге тігілген автокөлік Қосшы қаласына бұйырды.  Автокөлік сертификаты мен кілтін Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықбаев салтанатты түрде табыс етті. «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы 20 жылдан астам уақыт бойы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан өңірлік мәдениет саласындағы ең ірі, ең ауқымды жобасы. «Ақмола жұлдыздары» облысымыздың көркемөнерпаздарына түрлі жанрларда өз таланттарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, мәдениетін, ұлттың генетикалық кодын, Қазақстан халқының тілі мен руханиятын, дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі. Биылғы жылы халық шығармашылығы байқауына тұңғыш рет «Мемлекеттік-шығармашылық тапсырыс» жобасы аясында жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымдары да қатысты. Көрермен назарына сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің түрлі жанрда орындалған туындылары ұсынылады. Қолөнершілердің бұйымдары дәстүрлі ұлттық қолданбалы өнер түрлері мен жаңа заманауи материалдардың қызықты үйлесімімен ерекшеленді.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *