Көкшетаудағы «Махаббат аллеясы»
Руханият
252
Ақмола облыстық Орыс драма театры ғимаратында «EL. Jastar» театрының кезекті премьерасы өтті. Қазақтың тұңғыш барт ақыны Табылды Досымовтың әндерімен сүйемелденіп, түрлі тағдырларды көрерменнің алдына көркемдеп жеткізген «Махаббат аллеясы» музыкалық драмасы сахналанды.
«EL. Jastar» театры Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі жанынан 2019 жылы ашылып, бүгінгі күні өзінің тұрақты көрерменін тауып, жылдан жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан жас труппа. Бұл жолғы қойылымына Алматыдан арнайы келіп, жас театрдың жаңаша қырынан көрінуіне жол ашып, режиссер болған - «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, театр және кино актері Тасболат Омаров. Қойылымның хореографы осы колледж түлегі, қазіргі уақытта Темірбек Жүргенов академиясының студенті Дана Ринатқызы.
Әуезді әнге, ырғақты биге, мұңлы да мөлдір махаббатқа құрылған қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Пікірлер (0)