«Ақмола жұлдыздарының» жеңімпазы – Қосшы қаласы!
Руханият
747
Көкшетауда кезекті «Ақмола жұлдыздары» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының гало-концері өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы – Қосшы қаласы.
«Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы 20 жылдан астам уақыт бойы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан өңірлік мәдениет саласындағы ең ірі, ең ауқымды жобасы.
«Ақмола жұлдыздары» облысымыздың көркемөнерпаздарына түрлі жанрларда өз таланттарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, мәдениетін, ұлттың генетикалық кодын, Қазақстан халқының тілі мен руханиятын, дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі.
Биылғы жылы халық шығармашылығы байқауына тұңғыш рет «Мемлекеттік-шығармашылық тапсырыс» жобасы аясында жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымдары да қатысты.
Көрермен назарына сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің түрлі жанрда орындалған туындылары ұсынылады. Қолөнершілердің бұйымдары дәстүрлі ұлттық қолданбалы өнер түрлері мен жаңа заманауи материалдардың қызықты үйлесімімен ерекшеленді.
Оқи отырыңыз
Руханият
Тоныкөк (еркін әдеби нұсқа)
Пікірлер (0)