12 адам қаза тапқан ірі жол апаты: зардап шеккендер туралы жаңа дерек шықты
Жаңалықтар
360
Фото: видеодан скрин
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 6 науқас та Ақтөбеде емделіп жатыр.
2 науқас жансақтау бөлімінде, 4 науқас бөлімшеге ауыстырылды. Олардың арасында әлі күнге дейін комада жатқан 16 жастағы оқушы бар, - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Бүгін жол апатынан зардап шеккендер жерленді.
Еске салайық, 23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында болған оқиға салдарынан 12 адам қаза тапқан болатын. Кейін оқиғаға кім кінәлі екені анықталған еді. Бұдан соң оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Пікірлер (0)